Абай облысында Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды
Абай облысында Ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды

Абай облысы Көкпекті ауданында Ұлттық спорт ойындары орталығының ашылды. Бұл игі шара жергілікті тұрғындардың ұсынысы арқасында жүзеге асты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгінде Ұлттық спорт ойындары орталығында бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, садақ ату, асық ату сынды түрлі үйірме жұмыс істейді.
Орталықтың салтанатты ашылуы аясында «Толағай» атты ұлттық ойындардың облыстық фестивалі өтті. Бұл фестивальде көкпар, топ бәйге, аламан бәйгеден командалық жарыс ұйымдастырылды.