Екі мысал өлең

Екі мысал өлең

Табыну
(Мысал өлең)
Семсер Шәриғатұлы


«Аң-құстардың бәрінің,
Ұстап білем тамырын.
Дертіңе шипа ем қылам,
Мен болам түлкі тәуібің.»

Айғайлады түлкі жар салып,
Естіді мұны барша жұрт.
Аң-құстың бәрі жиналды,
Тәуіп - деп бұл қаншалық ?

Бір тауық келді дерт емген,
Өне-бойы өрттенген.
Тамырын түлкіге ұстатпақ,
Үміті бар ертеңнен.

Депті тауық: «Бір қайғым,
Қоразды қатты сыйлаймын.
Кенде емеспін қораздан,
Неге тұқым тумаймын? »

Тауықтың ұстап білегін,
Тексеріп көріп жүрегін.
Жұмыртқа тумау себебін
- депті түлкі білемін.
Сендіріп түлкі халықты,
Тумайтын әлгі тауықты,
«Бөтекеңде тас бар» - деп,
Диагнозын тауыпты.

Тауық бұған сенбепті,
Өтірік айттың сен - депті.
Осы жасқа келгенше,
Мұндай сұмдық көрмепті.

Сенбесең -деп тауықты,
Бас салып түлкі жарыпты.
Бөтекес…

 

Теңсіздік
0,5=5/10=1/2=2/4
(Мысал)
Семсер Шәриғатұлы


Ерте емес кеш келіп,
«0,5» келіп,
Есіркеп былай сарнапты,
«1/2»ді ескеріп:

“Көтеріп «1»ді төбеңе,
Жалқау ма өзі о неме?
Сенсіз өзі жүрмей ме?
Жаяу жүрсе өле ме?

Байқұс «2» көтеріп,
Алқынып жүрсің жөтеліп.
«2/4»ге барып біз,
Мәселені шешелік.”

Бақталас әрі дос еді,
«1/2»де көшелі.
«0,5»тің сөзіне,
Жібермеді есені:

“Алдыңды бөгеп «0» жүр ғой,
Оңбаған олда өлгір ғой,
Соңынан байқұс ердің ғой,
Өлместің күнін көрдің ғой.

Байқұс «5» бөгеп жолыңды,
Қайнатты-ау «0» сорыңды!
«5/10»ке баралық,
Жоғалтар бәлкім «0»іңді.”

Бұл азапқа төзбепті,
Екі дос жаршы іздепті.
«2/4»ні ағалап,
«5/10»ті сіз депті.

Келгенде іздеп ағалап:
“Осалсыңдар” -депті табалап.
Біреуге күнің түспесін,
Күн туса басқа жаман-ақ!

«2/4» болып білікті,
«5/10» шіреп тұрыпты,
Төрт ақымақ осылай,
Теңсіздікті құрыпты.

Төртеуінің теңдігі,
Барша елге белгілі,
Күлкі қылып жүр екен,
Күні бүгін ел мұны.

Өз қайғысы, өз мұңы,
Өз алдына сез мұны.
Сырт тұлғадан емес ғой,
Адаммен адам теңдігі.

Бөлісу: