Сабатой мейрамы
МАҚСАТ: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ұлттық жобасы аясында От мен қуат дүлейін, жылқы бағу мәдениеті арқылы көшпелі өмір салтын паш ететін түркілік жазғы САБАТОЙ мерекесін қалпына келтіру мен дамыту; мереке барысында халық бірлігін нығайту, қазақы этнографиялық танымдарды паш ету, салттарды, жоралғылар мен рәсімдерді және спорттық сайыстарды дамыту әрі насихаттау; елімізде туризмді дамытуға алғышарт жасауға үлес қосу.
Сабатойдың мәні
Мерекенің бұл атауы қазақ халқында ұмыт болған, алайда әлі күнге дейін сібірдегі көшпелі өмір салтын ұстанған кейбір түркі жұрттарында қолданыста.
Сабатой – жаз маусымының басталуына сәйкес келетін әрі жазғы түн тоқырауына қабат аталатын түркі мерекесі. Бұл мерекені бүгінде түркі халықтарының ішінде тек қана саха жұрты «Ысыах» атауымен жоғары дәрежеде жаңажылдық мәртебемен атап өтеді. «Сабатой» сөзін түркілік басқа ұлы мейрам атауы «сабантоймен» шатастыруға болмайды – ол күзгі Топырақ дүлейін паш ету мерекесі.
Мерекенің тарихи сипаты
Сабатой мейрамының советтік нұсқасы да болғанын ұмытпауымыз керек. Ол – шопандар тойы болатын. Маусым айында қой қоздап, соның нәтижесін шығарып, шопандар слетін шақырып, мәре-сәре мереке өтетін.
САБАТОЙ мейрамының мезгілі
Мерекенің мазмұны
Сабатой – оттоқсан аталатын тоқсан күн жазды паш ету салтанаты; Өмірдің көзі ретінде Отқа пен Күнді құрметтеу, Жарықты қадыр тұту, от пен судың үйлесімін тілеу шарасы болып табылады.
Аңырақай тауындағы жартастағы петроглифтебейнеленген жазғы маусымды байқататын жайылып жүрген баспақ ретінде осы жаз мезгілінің бейнесі бедерленген.
«Отамалы жақсы болса - от алғанша,
Шөптің шүйгіндігі малдың күйлілігінің, адамның ауқаттылығының кепілі. Сол себепті бұл мереке жайлау мен егістің шүйгін шығуының ұлы ғұрпы деуге болады.
Жаз маусымы той мен салтанатқа қолайлы уақыт.Сайып келгенде Сабатой мейрамы От пен Суға, Күндіз бен Түн үйлесіміне қатысты барлық шаралар мен жоралғыларды, ғұрыптарды қамтиды. Бұған жамбы ату, көкпар тарту, айтыс, алтыбақан тебу секілді қазақ мәдениетіне сіңісті бүгінгі салт-ғұрыптардың,рәсімдердің баршасы да Сабатойға сән беретін шаралар болып табылады.
Сабатойға орда үйлердің қалашығы тән, тағамдар жәрмеңкесі мен сусындар шеруі лайық.
Нышандар
Сабатой мерекесінің атрибуттық нышандары мейрамның санаға сіңісуін, қабылдануын тездетеді әрі оның қадырын арттырады.
Торсық – Су дүлейінің ыдыстық белгісі, бұл Ұлы даланың басты тіршілік көзі; сусынның басты ыдыстарының бірі.
Рәсімдер
Айтыс. Сабатойдың да Өлі-Тірі, Жаз-Қыс, Қыз-Жігіт айтыстары мерекенің өнерлі рәсімдеріне жатады. Сабатойда да жек пе жек айтыс өткені ләзім. Айтыс өнерінің басты негізі жырмен шарпысу,тартысу не сайысу емес, басты түрткі – Ай мен Күн, Жарық пен Түнектің идеологиялық тартысы.
Ғұрыптар
Жамбы ату. Бұл ғұрыпта Күн мен Айдың шарпысын білдіретін мән бар. Жамбы – айдың мүсіні, жебе – күн шапағының мүсіні.
Дәмдер
Әрбір мерекенің басты атрибуттары оған тән тағамдармен де айқындалады.
Марқа-сірне. Маусымға қарай ерте туған қозы марқаяды. Осы кезде марқа етінен сірне жеу барынша кең тараған. Бұл тағам бір жағынан жаздың келгендігін, екінші жағынан жазғы маусымның өнімі ретінде марқайған төлді паш етеді.
Шұбат. Қымыз. Айран. Құрт – Бірліктің нышаны, сүт өнімдері ретінде Жердегі От дүлейінің берекесі,қуаттың берекесі, жан-жануар мен өсімдік әлемінің бірігу нәтижесі.
Атрибуттар
Қымыздың бұл қасиетті ыдысы мейрамның басты атрибуты саналады. Сабаның қос түйеге артатын, арбаға салынатын, тіпті бірнеше өгіз жегіліп тартылатын кіреге орнатылған бірнеше тонналық түрлері болған.
Ошақ – сабатой мерекесінің негізгі белгісі, түркі халықтарындағы қасиетті атрибут, өйткені ол оттың бастауы, қайнары болып табылады. Отаяқ – От дүлейінің белгісі, жаманатты аластау рәсімінің басты сайманы.
Шаралар
Отамалы жәрмеңкесі
Бұл оттоқсанның ырысы мен берекесін паш ететін шеру болып табылады. Жазғы мереке ұлттық тағамдардың қай-қайсысында жайнатып көрсету мүмкіндігі мол кезең. Сондықтан қазақы тұжырыммен ас-тағамдарды үшке бөліп, береке мен игіліктің жаршысы етіп жәрмеңке мен көрме ұйымдастыру аса қолайлы: ақ – сүт тағамдары, қызыл – ет тағамдары, көк – жеміс-жидек пен көкөністер.
Береке шеруі.
Екінші лекте көліктерге қызғалдақтың және басқа да гүлдердің көздің жауын алатын көрнек/картина жасалып жүреді. Жолай қызғалдақтан шашу жасалады, қалғаны саудаға түседі.
Үшінші лекте тайқазан толы бауырсақ көлігі бастаған тағамдар жөңкіледі.
Төртінші лекте сүт тағамдарының шеруі: айран, сүт,ірімшік, құрт, қымыз, шұбат т.т.
Серік Ерғали
педагогика ғылымдарының магистрі,
мәдениеттанушы, этнолог