ШӘКӘРІМНІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ
ШӘКӘРІМНІҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ
Нұржан Дәулеткелдіұлы
С.Бердіқұлов атындағы орта мектебі
Шәкәрім (Шаһкәрім)-ғұлама, ойшыл. Ғұмырлық ұстанымы-ар ілімін адалдық сапаның алдына қойған ұлық тәлімгер. Азаматтық борышы-адамгершілік, асыл қасиет. Елу неше жылдық еңбегі-жаңа заманның тәрбие оқулығы. Ұстаздық бағыты-рухани адамгершілік білім беру. Ойлау деңгейі-адамзаттық рухани тазалық арқылы өркенді ұрпақ өсіру. Адам азса-күллі адамзат азады, қоғам тозады. Шәкәрімнің азат пікірі-әрбір адамды түзету-қоғамды түзету және жаратушыны тану. Шәкәрім-Абайдың немере інісі. Абайдың артынан ерген мұрагері. Абайдан тікелей тәрбие, әсер, ықпал алған, текті әулеттің ұрпағы. Абай да, Шәкерім де ұлт руханиятының ұлы ұстазы. Қос арыста ғұмырлық саналы ұрпақ, сапалы адам жетірліру жолын іздеген тарихи тұлғалар. Абай өмірді сүйіп тұрып, «жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат» деп тебіренсе, Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруі үшін үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу, айуандықтан аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»,-деп қарайды. Ойшыл Шәкәрім Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстанған тұлға. Ол халықтық тәрбиені бойына бойтұмар санаған тәрбиеші. Ұлт дәстүрін ұлықтаған ұлағатты ұстаз. Қазақтың «жаман болады», «ұят болады», «обал болады» дейтін тәлім-тәрбиесін жаңа заман оқытуына бірлестіруді дәріптеген даңсалы дарын. Автордың әрбір мұрасы-тәрбие сабағы. Ақынның отты өлеңі, ойшылдың өмір сапары, ғұламының ғибыратты сөздері бәрі-бері бүгінгі және келер ұрпаққа үлгі береді. Қаламгердің талғам таразысы, жасампаздық белесі, зейін-зердесі, қысқасы қалам бедері ұлттық тәрбиенің парағына жазылған естен кетпес естеліктер саналады. Ғұламының өз ғұмырында қалдырып кеткен мұраларын көре отырып, ұстанған тәрбие-тағылымын мына жақтарғаға жинақтауға болады:
Адал еңбек. Сәби шыр етіп жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың омырауын еміп еңбек жолын бастайды. Ақ сүттен арыла салып еңбектейді. Жарық дүниеде тік тұрып өз алдына жұмыс жасауға әрекет жасайды. Ержете келе дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегін меңгереді. Адамның осы сатылары жалқау, еріншек, топас болуға жол бермейді. Ойшыл дәл осы адам ғұмырындағы табан ет, маңдай терімен табылатын еңбек жемісін өте жоғары бағалайды. Ақын өлеңінде «еңбекпенен, өрнекпенен, өнер ойға тоқылса, жайнар көңіл, қайнар өмір, ар ілім оқылса» деп толғанады. Ұлт ұғымында «еңбексіз өмір-сөнген көмір». Ары қарай «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «еңбек етсең емерсің» деп мақалдап, мақамдайды. Шәкәрім бала жастан еліне танылып, өмір жолында ерінбей еңбек жасады. Ақын, сазгер, тарихшы болу алдында, ұлттық аспаптарды нағыштап, жасауға ден қойды. Жетпістен өткен жемісті шағында алыстан су көтеріп, үй шаруасын қол салып істеді. Өз өлең мәтіндерінде жастарды адал еңбекке жақырды. «Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл» (Автор сөзі). Өз өмірін өнбейтін жылтырақ дүниелерге жұмсамай, ұлт ұлағатына жүғынуді ерінбей айтып кетті. Өзін де «сегіз қырлы, бір сырлы» телегей білім иесі болу жағына, тынымсыз еңбек жемісімен келді. Өмір жолында жолыққан сан қилы ауыр жағдайларды еңбегінде айтып отырды. Өмірдің өзі-тіршілік таласы. Сол тайталасты ғұмыр таласын ақын өлең жолына қосып, жырлады. Өнімді әрекет өмірді өзгерте алатын тілсім құдырет екенін сезіндірді.
Терең білім. Қазақ аттың жалы, түйенің қомында жүрсе де білім қорын ауызша жаттап, көкейге сақтап өскен халық. Ата тегін, тарихын, салт-дәстүрін жаттап өскен ел. Ғұлама, ойшыл Шәкәрім бала кезінде 4-5 жыл ғана жерлік молдадан білім алады. Қалған ғұмырының бәрінде мол білімді өзі үйренеді, өзі толықтайды. Көңіл қалауын кітаптан алады. Ақыл кені Абайдан асыл білім игереді. Жастайынан билік төріне шығып, ақ пен қараны, жақсылық пен жалғандықты, шындық пен жалғандықты ерте сезеді. Жиырма бес жасында дара талант иесі «қазақтың түп атасы» деген тарихи-шежірелік кітабын жарыққа шығарады. Білім-таусылмас кен. Әрбір тарихи тұлғаның ғұмыры-бір таусылмас тарих. Одан ұрпақтар үлгі алып отырады. Шәкәрім сондай тұлға. Ол әдебиет, мәдениет, фольклор, тарих, шежіре, көркем өнер саласында жазын қалдырған мұралары-білімнің сарқылмас бұлағы. Білім-берілген жанға қонады. Білім сапары-қажырлы, жапалы үдеріс. Оның соқпағы мен күдірі өте мол болады. Шәкәрім өнерді өмір шырағына балайды. Мәдениет-жеке адамның ғана емес, ол өмір сүріп отырған қоғамның да авто портреті. Дәстүрлі мәдениет-ұлт болашағының алтын тамыры. Дәстүрлі білім алу үдерісі-жаңа заман ұрпақтарын ұлт жандылыққа, отаншылдыққа баулиды. Автор осыны сезіне білді. Кітап қорын, білім теңізін қазақтың мол мұрағаттарынан іздеді. Абай тағылымы бойында шығыс пен батыс елдерінің көне кітап қорларына барды, оқыды, түйді, тоқыды. Қазақ даласына том-том кітап жолдайды. Білім-таусылмайтын кен. Жақсы кітап-жан азығы. Ғұламадан қалған кітаптарды жинаушылар үш күн отырып тізімдеген екен. Бұл мол мұралар ұрпаққа қалған жемісті жәдігер. Тәрбиелік мұрағат. Шәкәрім терең білім жан әлемін тазалайды ден түсінді. Ғылым, білім қорларын көбейтіп, адамзат игілігіне жаратуды армандады. Ұрпақтардан асқақ мұрат, асыл арман алауын іздеуге талпынды. Ұлттық тәрбиені ғылым, білімге ұштастырып берді.
Нұрлы ақыл. Адам парасаты-шексіз әлем. Оны көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейді. Түбіне жетуге де болмайды. Ақыл-парасат ілімін көңірге түйіп, жүрекпен сезіне білу керек. Шәкәрім ақыл-парасат ілімін түбіне жете зерделеп, зерттеген ғалым. Адам ақылды және ақылсыз болып бөлінеді. Ал автор ақыл, жүрек, нұрдың өзін өзгеше атаулармен атайды. Мәселен, «таза ой», «кіршіксіз көз», «шын ақыл», «мінсіз ақыл», «таза жан», «таза жүрек», «ақ жүрек», «жылы жүрек», «жүрек көзі», «көңіл көзі», «ішкі көз», «шын нұр» деген эфитеттер арқылы ақылдың бағасын көтереді. Ақыл-жүрек-сезімнің ішкі бірлігі мен рухани тұтастығына үңіледі. Өлшеусіз құдірет, өлшеусіз білім, өлшеусіз шеберлік ақылдың күшімен келеді деп қарайды. Қазақ ұғымында да ақыл адамның жүрегіне нұр, көңіліне гүл силайды деген ұғымды жақтайды. Қазақ мақалдарында немесе «ақыл-арқан, ой-өріс», «абырой елдің қуаты, ақыл-ойдың суаты» қатарлы нақыл сөздерде ақылға өте жоғары баға береді. Білім болып, ақыл болмау қасырет. Ақыл толып, ел басқару қасиет. Тамашай ойдың артында асыл ақыл кені жатары сөзсіз. Адамды, адымзатты және оның ұрпақтарын ақыл көзімін тәрбие ауылына бастау маңызды. Ғұлама осы жақтарында өз еңбектерін жазып берген. «Ақыл деген денеге егулі дән, суғарылса кіреді оған да жан. Ақылдың өсіп-өніп зораймағы-көрген, білген нәрседен ғибрат алған», «шын таза асықтыққа ақыл қарсы тұра алмайды» [1], «егер ақылым да, жаным да бір жола жоғалатын болса, мен-жанып өшкен отпын. Дүниені өртесем де, ешкім мені жазалай алмайды» дей арқылы ақылды адам көп көріп, көп ойлану арқылы білім іздейді. Кемел шаққа жетеді деп сипаттайды. Ақыл-ойдың жиырма сегіз түрін көрсеткен. Соның ішінде сау ақыл деп соған ерекше тоқталған философ. Адамды басқа тірі жандылардан өзгешелендіретін оның ақыл-ойы емес пе, Шəкəрім өз философиясында дүниені танушы, адамды адамдық негізге жетелейтін, ең негізгі қасиеті ретінде ақыл-ойды қарастырған. Бұл қазіргі ақылды ұрпақ тәрбиелеу мектебіне-танымдық оқу құралы саналады. Ғұлама ұрпақ өсіру ілімін бір өмір ойланып тағылымды тұжырым айтып кетеді.
Ақ жүрек, ар-намыс. Шәкәрім жасандылық, ұрлық-қарлық, сатқындық, жауыздық атаулыны жаны сүймеген ойшыл. Ғылыми, әдеби еңбектерінде ар ілімін биік ұстанады. Шəкəрім Құдайбердіұлы-қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Қазақ философиясында ар, ұят, нысап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл. Өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз-нысап, мейірім, əділет. Бұл екі өміргеде керек іс. Жанға азық болатын құндылық. Ғұламаның дүниетанымы көбіне мораль философиясы мен ар ілімін қамтиды. Ар деген адамның сыры, құпиясына қазық болатын рухани тірек, ар-адам ісінің төрешісі. Ар-адамның өз соты. Əр адам өзінің арының алдында жауап бермек. Шəкəрім халыққа ар білімі деген арнайы білім керек деп таныды. Арлы адамның мойындағы ұяты, жігері, намысынын, қайраты бар адамды айтамыз. Адам арсыз болса, ол адамдық негізден айрылған пенде қатарына қосылады. Ар, ұят деген ұғым адамның асыл қасиеті. Ар мен ұяттан айрылған адам надан адам есептеледі. Ар-жеке адамның басында болатын болмыс. Арсыздық-адам табиғатына жат әрекет. Қазақ ұғымы арлы ұрпақ тәрбиесін көтереді. Ұлттық салт-дәстүрде ибалы, инабатты, намысшыл, адал, туралшыл, көпшіл ақыл иесін өсіру үшін өнеге, өсиет қалдырады. Шәкәрім де қазақ болмысын сақлап, үлкенге құрмет ету, кішіні аялау, сәлем алып, сәлем салу, ұрлық істемеу, өтірік айтпау, адамға ізгілік нұрын себу жақтарын айтып, адамдық асыл қасиетке бастайды. Қазір де қоғам өзгеріп кетті. Ұлттық болмыстан айрылып бара жатқан ұрпақтар қатары көбейді. Осы жағымсыз қалықтар мен іс-әрекеттерді тезге салатын нәрсе-ар ілімі. Сана білімі. Абай мен Шәкерім заманы надандық белең алған заман. Наданға сөз ұқтырудың өзі-қиямет. Қазір де жаңа заманда ар, намыс, ұятты білмейтін тобыр мен пенделер жетерлік. Осы қауымға ізгілік ілімі ауадай қажет. Мал сақтама, ар сақта. Ар-ұяты бар адам кемелді адам. Бұған талас жүрмейді. Насихатты тыңдаған адамның құлағында қырағы көзі болса, жүрегінде әділ тезі болса, сәті келген дәрідей ем болып жаман мінезді жазады. Егер ондай болмай, құры ғана қуыс құлақпен тыңдаса, құмға сіңген сумен бір есеп болып, жалғыз тал жасыл шөп шықпайды. Ғұламаның әрбір сөзі-шындықтың жүзі. Ата-ана ақылын тыңдамай көше кезіп, үйден безіп жүрген ұрпақ қаншама. Олар жүрек сөзін құлақ көзімен тыңдамай шоқ басып қалады. Ар мен намыстан аттап кетеді. Арсыз, ұятсыздыққа барады. Бұрынғы өткен ойшылдар осы дәуір ауқымын болжап, ұрпақ тәрбиесінда ар ілімін жасап берді. Бүгін сол мұрағаттарды ашып, дәнін алып, қауызын тасқайтын кезге дүп келіп отырмыз. Ол үшін Абайды, Шәкәрімді оқудан жалықпауымыз керек.
Таза тектілік. Қазақ бұрыннан ата текке бағынған ұлт. Бабалар тексіз ұрпақ туылып қалудан сақтанады, Жеті өзен аттамай, жеті атаға жетпей қыз алыспайды. Бала түбі текке тартады. Қаны мен жаны таза атадан жетелі бала туылады. Ұрпақ жалғастыру-борыш. Жетесіз бала туу-намыс. Тектілік-тектен текке тумайды. Атаның қаны, әкенің белі, шешенің зейінінен келеді. Шәкәрімнің шыққан тегі қара көктің тұқымы. Ел тізгінін ұстаған шынжыр балақ, шыбар төс талымалы ел басшысы. Ғұлама осы білікті, білімді ортада өсіп, жастай жетім қалса да өзін өнерге арнайды. Абайды ұстаз тұтады. Айтқанын екі етпей орындап, қордалы білім мәңгереді. Өз өлеңдері мен қара сөздерінде тектілікті дәріптейді. Ұрпақтың азғындап кетуінен алаңдайды. Қаны таза, жаны таза ізбасар қалдыруды әркез санаға салып отырады. Ол «сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ойын тия алмайды». «терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әуліие деген сол болса керек» деген тұжырым айтып, текке тартқан жан жаман болмайды. Даналық жолын ұстанады деп түйіндейді. Йә, қазақ те бір жамандық жасаған баланы тексіз екенсің деп сынайды. Бұрыннан бабалар аманатын ұмытпаған, ата дәстүрін ұлықтаған баланы есті деп бағалайды. Естілік қария сөзін жаттаудан қонады. Ғұлама осы ойды өз пайымдарында сан рет айтып, ел құлағына жеткізеді. Тәрбие тектен, жылылық жүректен жететін ғажайып күш екенін сезіндіреді.
Берік сенім. Ұлттық танымда бір жаратушы болады. ол әлемді жасайды. Сол үшін «Жасаған» деп аталады. Сол адамды, әлемді жаратқан құдырет күш, оларды желеп, жебеп тұрады. Шәкәрім осы фольклорлық түсінікке сенеді. Адамзаттың басып өткен тарихи кезеңдері бар екенін мойындайды. «Тәңір жолы-ақ жүрек, сайтан деген қиянат. Ақ жүректі ертерек, ескер-дағы қыл әдет...» [2], деу арқылы ақ жүрекпен тән мен жан тазалығын иманнан іздейді. Ежелгі этикалық түсінікке бағынады. Иман сөзде емес, жүректе деп түйсінеді. Ар, адам, дін бір тұлғаның бойында сақталатын құдыретті күш теп таниды. Сенім таза жүректен, ақ жарма тілектен, дәстүрлі дінге деген сенімнен келеді деп бағалайды. Ислам дінін бойына дарытып, оған этикалық мұралды ұштастырады. Араб елінің жалған насихаттарын алып тастап, ұлттық санада бар дәстүрлі тәрбие мен сенімді жақтайды. Жан әлемін осы этикалық үдеріс арқылы тазартып отыру ілімін ортаға қояды. Жалған сенімге, діни құрапилыққа қарсы тұрады. Ол жеке адамды, бүкіл адамзатты жан тазадығы арқылы сақтап, санасын өсіруге болады деп қарайды. Арың таза болса, жаның тазарады. Жаны таза адам-сау адам. Сенімі берік жан-шын таза жан. Бүгінгі ұрпақ діни оқу оқып, ізгілік жолын ұстана бастады. Алайда бәрі емес. оқығанның өзі араб дүниесіне қызығатын болды. Бұл еліктеуден, әсіре уағыздан жұққан әдет. Сол үшін дән саласында этиканы берік ұстану қажет. Шәкәрім сол жағына ғылыми ой айтып, адамзат баласын адамгершілікке, тазалыққа шақырды. Жастарды өсіріп, ақ жүректі азамат болуға баулыды. Өз еңбектерін дәстүрден алыс ұстамады. Ұлттық болмыс пен түсінікті әр шығармасына қосып, оқырманын кіршіксіз адам болуға баули білді. «Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде Абайдың «толық адам» ілімін үйретудің маңызы зор. Себебі әрбір адамның рухани жетілуінің бірден-бір түйіні осы ілімде жатыр. Толық адам дегеніміз рухани жақтан толысқан, кемеліне келген адам. Оның мәні – сүйіспеншілік, ізгілік, қайырымдылық, имандылық әрекеттер, өмірдің мәнін ұғыну, өмірлік мақсат қою және жалпы адамгершілік қасиеттерді адам бойында жетілдіру болып табылады. Дәстүрлі тәрбиені жақтаушы, Абайдың толық адам ілімін жалғастырушы Шәкәрім де өз мектебіне сауатты білім беріп, «түзу адам», «шын адам», «таза адам» болуға шақырды. Жүректегі тазалық иман жүзді болудан келеді. Имани білім ұлттық наным-сенім, салт-сана, дәстүрде жатады. Ғұлама осы жағын толық сезініп, ұрпақ тәрбиесін ұлттық этикаға бағындыруды толық зерделеп берді.
Шәкәрім мектебі-ұлттық тәрбие ортасы. Ол жеке адамға ғана емес, тұтас адамзат ортасына ұлағатты ой тастап кетті. «ар ілімі»-адамгершілік ұғымның негізі. Арлы болу, таза болу, әділетшіл, адал болу, білімді, парасатты болу, тәрбиелі, дәнішпан болу-ар тазалығы арқылы қалыптасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі-өте жауапты жұмыс. Әрбір ұлан Абай, Шәкәрім, Ыбырай мектебін оқып, олардың ілім, ғылымдарын игерсе толыса түсері анық. Шәкәрім білімді діннен емес, білімді жан-жақтылы меңгеріп, дәстүрлі иман жолын ұстанған ғұлама. Рухани білім беру жолын ұстанған ұлы ойшыл. Білім тереңдігін, ғылым жаңалығын, жүрек тазалығын дәріптеген дәнішпан. Шәкәрімның ұрпақ туралы ұлағатты сөздері мен ойлары жаңа заман оқытуына қосылған алтын мұрағат.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Амангелді Қабжанұлы Керімтаев. Білгенге маржан. ҚР Алматы. «Көркем» баспасы. 2010 жыл.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен поэмалар. ҚР Алматы. «Атамұра» баспасы. 2003 жыл.