Спорт сөзінің сарбазы

Спорт сөзінің сарбазы

Спорт сөзінің сарбазы

Сейдахмет Бердіқұлов (1933-1994)-қазақ спорт журналистика­сы­ның негізін қалаушы, белгілі жа­зу­шы-публицист.Сейдахмет-спорт саласын сүйген, спорт тақырыбын әдеби тілмен көркем шығармаға айналдырған көсем сөз шебері, спорт сөзінің шешені. Спорт өнері -халық пен халықты, ұлт пен ұлтты, тіпті төрткүл дүниені теңестіретін тәлім-тәрбие мектебі. Спорт ұлт еңсесін көтеретін дүние. Ұлттық спорт-намыс отын жағатын, ел бірлігін сақтайтын, дәстүрді жаңғыртып көрсететін мәдени айна. Әлем спорты-әр адам біліп отыратын қызықты деректер көзі. Қазақ спорты-қазақ өнерінің мәдениет биігі. Сейдағаң сонау жылдары ақ параққа сия тамбаған спорт тақырыбын талдап алып, әдеби хабар, очерік, эссе, публистикалық шағын мақалалар жазған спорт тілінің сардары, спорт сөзінің сарбазы. Спорт темесін көркем шығармаға сиғызып, әңгіме, повес, новелла, көркем естеліктер жазып қалдырған спорттан стиль жасап кеткен саңлақ суреткер. Сейдағаң-спортшы. Сейдағаң-спорт журналисті. Сейдағаң-спорттан теле жүргізуші. Сейдағаң-спорт жазушысы. Оның спорт тақырыбын көтеркен көркем еңбектері мына жақтардан көріледі.

 Спорт-тарих. Әлем спортының ең биік шыңы-олимпияда мен әлем чемпионаты. Оған қазақтың қара көздері де талай шығып, ұлт намысын сақтады. Үлт ұранын асқақтатты. Спорт жаңалықтарын қағаз бетіне түсіріп, тарихқа қалдыратын тұлға-спорт журналисті. Бұл салада қалам тербейтін жазушы саны өте аз. Кезінде спортқа ептеп қалам тербеген С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Қ.Әбдіқадіров қатарлы қаламгерлер болды. Сейдағаң да сол тоқырап қалған саланы құнарландырып, алтын арқауды үзбей жалғаған ұлт көшбасшысы. Шоқыр Бөлтекұлы-қазақ топырағына бокс қолғабын алып келген боксшы. Жақсылық Үшкембіров-күрестен тұңғыш олимпияда чемпионы. Желаяқ Ғұсман Қосанов эстафедалық жүгірістенолимпиядаға тңғыш қатынасқан қазақ әрі жарыстың күміс жүлдегері, Олег Түсімханов (тұйғын)-велосопедтен әлемдік жарыстардың айдарынан жел ескенжеңімпазы, Әмен Тұяқұлы жеңіл атлетикадан олимпияда жүлдегері, Әлжан Жармұхамедов баскетболдан тұңғыш олимпияда чемпионы. Бұл тұжырымдар Сейдахмет қаламынан туып, қазақ арасына тарады. Бұл-тарих. Өзге емес қазақ елінен жарық еткен жарық жұлдыздардың спорт тарихы. Сейдағаң-спорт тарихын жалғастырушы.

Спорт-шежіре. Қазақ тарихында өткен жарыстар, жеңімпаздар еңбегі ауызша тараған. Жуық жылдарда хатқа түскен. Балуан Шолақ 51 бұт кір тасын көтеріпті. Қажымұхан серік ойын көрсетіп, кеудесінен жеңіл көлік өткізіпті. Бұл сөйлемдер ұлттық спорттың деректі шежіресі. Сейдахмет-спорт шежіреші. Ол әңгіме, повестерінде қазақ күресін, ат үсті спортын, қар шаңғы спортын әдемі суреттеген қаламгер. Нанымды дерек, шындықты шынайы сүйген жазушы.

  Спорт-хабар. Кезінде ел-іші сыртында өтіп жатқан жарыс жаңалықтарын Сайдахмет қалт жібермеді. Қазақтан шыққан талантты көргенде балаша қуанды. Спорттын барлық түрлерінен әдеби хабар, очеріктерін жазды. Болғалы тұрған тума дарынды ерте байқады. Серік Қонақбаевті бала кезінен көріп жанып тұрған болашақ чемпион екенін көзінен таныды. Спорт хабары-уақыт, орын, кеңістік, нәтижені дер кезінде жеткізуді талап ететін іс-қағаздар түрі. Сейдағаң осы талапты өзіне де, ұжымына да, әріптестеріне де, шәкірттеріне де қоя білген журналист.

  Спорт-намыс. Спорт-білек күші емес, жүрек күші. Ұлттық намыстың, қайраттың, рухтың күші. Жеңіпмаз-ұлт рухын көтеретін тарихи тұлға. Сейдағаң жазған Жақсылық Үшкемпіров жеңісінен кейін қаншама түлек балуан болды. «Қайрат» футбол командасының жеңісті хабарын оқыған қаншама жас жасыл алаңға шығып жасындай жарқылдады. Спорттың төресі-футбол. Футболдан әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш қазақ тілші-Сейдахмет. Футбол әлемін қазақ даласына көркем тілмен жеткізуші тілші де, жазушы да-Сейдахмет. Ол ала доп жайлы «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітап жазып, жариялады. Бұл талай жастарға қамшы болды. Қазақ футболын дамытуда зор қайрат, жігерге бастады.

  Спорт-тағылым. Сейдахмет-ұстаз. Спортты жан-тәнімен сүйген жан. Спорттық тақырыпта қалам тербеуде шәкірті мол тәрбиеші. Сейдағаңның шекпенінен шыққан спорт журналистерінің қатары да баршылық. Оның ұстақанасынан Несіп Жүнісбаев, Дүрәлі Дүйсебаев, Жарылқап Бейсенбайұлы, Қыдырбек Рысбекұлы, Өтеген Оралбаев, Бауыржан Омаров шыңдалып шықты. Кейін Есей Жеңісұлы, Амангелді Сейітханов, Жандос Айтбайұлы қатарлы азаматтар спорт тақырыбын тәрбие-тағылым сатысына көтерді. Спорт-тәрбие. Спорт-дене мәдениетінің бір бөлігі және материалдық, рухани байлықтың қосындысы.Ол дене сапасын өсіреді. Спорт-тағылым. Спорт-адамның рухани әлемі. Ол ұрпаққа ұлы тұлғалар мен жеңімпазды ұлықтайтын өнер саласы. Қаламгер спорт хабарын қалай жазуды, спорт алаңын қалай әдемі жүргізуді, спорт темесін қалай қоюды, спорт сөзін көркем туындыда қалай бейнелеудің жолын көрсетіп кетті.

  Спорт-термин. Спорт-дене тәрбие, дене шынықтыру ілімі. Спорттық терминдер бұрыннан қазірге дейін қазақша атаумен толық аталып кеткен жоқ. Тіл-білгенге теңіз, білмеске көбік. Сырлы сөздің зергері Сейдахмет спорт терминдерін қазақша сөйлеткен тіргер. Теңбіл доп, шайтан арба, доп додасы қатарлы қазақтың жалпақ тілін қолданып, жарыс жүргізді. Сұхбат жасады. Мақала, әңгіме жазды. Көркем туындыларында спортқа қатысты сөздерге ерекше мән берді.

  Спорт-жеңіс.Жарыста жеңіс, жеңіліс болады. Әлемдік жарыста алтын тұғырға көтерген ұлдар ұлт мүдесін көтереді. Қазақтың көк туын желбіретіп, ән ұранын шырқатады. Осыдан асқан жеңіс жоқ. Қазақ елі тәуелсіз болмай тұрғанда Сейдахмет еркіндікті аңсады. «Қайрат» футбол командасындағылар көк формамен шықса деп армандады. Асқақ арман, асыл мұрат, ақыры іске асты. Көк тудың желбіреуі-тұғыры биік ұлттық теңдігіміздің белгісі. Спорттың жеңісі-еркіндіктің жемісі. Адамзаттық ұлттық бірліктің белгісі. Сейдағаң Ұлттық спорттың кенже қалуы, әлем халықтарына танылмауы-қазақ елінің халықаралық орынының төмен болуы деп қарайды. Мемлекет өркендеп кетсе-оның спорты да көркейе түседі. Әлем елдері ортақ айналысатын спорт түріне айналады деп қарайды. Бұл дұрыс тұжырым.

  Сейдахмет Бердіқұлов-турашыл, ұлт жанды, ұлттық мұраты асқақ қаламгер. Спорт тақырыбынан өндіріп жазған беделді сөз бапкері. 9 мамыр-ұлы жеңіс күні әрі жазушының төл туған күні. Арыстан да жарыстан дақалмаған, өзін спорт әлеміне арнаған Сейдағаң өмірі-өнегелі өмір. Көркем еңбегі-жемісті мәуелі бақ. Жемісті ағаш қашан да иіліп тұрады. Ол елі үшін иіліп, ерлері үшін мақтанып кеткен кемел дарын иесі. Жаңа заман жастары жазушы еңбегін ынтаға оқып, парасатты ғұмырынан сабақ алады әрі сағына отырып еске алады.

                                                                               

                                                    Нұржан Дәулеткелдіұлы

                        ҚР Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш аулылы С.Бердіқұлов ОМ

С.Бердіқұлов

Бөлісу: