Латынға көшу жайлы жаңа хабар
11-қазан ел тізгінін ұстаған президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев " Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжетайұлын қабылдап, қазақ тілі ғылым мен білім тіліне айналуы, латын әліпбиіне көшу және т.б жайында сөз қозғады. Дегенмен сең қозғалды, қазақ тілініңде төрге шығатын ауылы алыс емес деген сөз.Қазіргі жақандану заманында іске асыру жағы да оңайға соқпасы анық.Оған қоғам болып ат салысуымыз керек.Менімше анимация жағына көп көңіл бөлген дұрыс сияқты, балаларға арналған қазақша бағдарламаға қаржыны аямау керек.Менің немерелерім қазақ сыныптарына барады,тілдері таза қазақша.Арасында көретін мультфильмдері басқа тілде. Теледидардан көрсететін қазақша анимациялық фильмдер тартымсыз.Жалғыз "Балапан" арнасы болмаса.Сонымен бірге, Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы институның архивінде 1950-1970 жылдары халық арасынан жазып алынған қазынамыз-ертегілер мен мысалдарымыз жетерлік.Шіркін-ай осы қазынамыз ел игілігіне,балаларымызға жараса нұр үстіне нұр болар еді.