Сом білекті, сыршыл жүректі Солтыкен

Сом білекті, сыршыл жүректі Солтыкен

Сом білекті, сыршыл жүректі Солтыкен

Балуан әрі ақын Солтыкен Көкішұлы. "Көк сүңгі" өлеңдер жинағы.

  Солтыкен Көкішұлы 1952-жылы ҚХР ШҰАР Іле облысы Алтай аймағы Алтай қаласы Қыран өзені бойында дүние есігін ашады. 1959-1962-жылдары Алтай қаласы Қызылтас ауылы Сарқамыс қыстағы бастауыш мектебінде алғашқы сауатын ашады. 1963–1978-жылдары аталған қыстаққа егінші болады. 1978-жылдан бастап балуанның жұлдызы жанып, Шыңжаң өлкелік  спорт комитеті кәсіби балуандар командасына қабылданып, атағы шар тарапқа жайылады. 1979-жылы Индя мемлекетінің Астанасы Жаңаделиде өткізілген Азия құрлығындағы балуандар сайысында Қытай мамлекеті атынан сынға түсіп, тұңғыш рет халықаралық жарыста белдескен тұңғыш қазақ балуаны болып, алдыңғы 4-орынды иелеп, көрнекті нәтижеге қол жеткізеді. 1980-жылы Иран мемлекетінің Астанасы Теһранда 87 елден қатынасқан әлемдік жарыста алдыңғы 3-орынды иеленіп, күркешеден күллі әлемге танылады. Ауыр салмақтың сабырлы балуаны Солтыкен аймақ, облыс, өлке, мемлекет және халықаралық дәрежелі арыстарда жиыны 29 рет жарыс мінбесінен жеңіспен оралады. Атап айтсақ: Алтай аймағы бойынша 5 рет бірінші; Шыңжаң өлкесі көлеміндегі балуандар бәсекесінде 6 рет бірінші, 2 рет екінші; мемлекеттік арыс алаңында 5 рет бірінші, 4 рет екінші, 1 рет үшінші болудай толағай жеңіске жетеді. Бұл жеңістер балуан Солтыкеннің аты затына сай «үздік спортшы», «күрес патшасы», «күрес алыбы», «азия шолпаны» екендігінің шынайы айғағы бола алатыны анық. Балуандықтың қыры мен сырына жапакештыкпен жатылған ол, үздік жаттықтырушы болып ғана қалмастан, тек қара күшпен ғана осы саланың егей маманы болғандықтан, Шыңжаң автономиялы райондық халық үкіметі Солтыкенге «аға жаттықтырушы» деген атақты береді. Балуанның жеңісіне сүйінген көрші ел Қазақстан мемлекеті 1992-жылы, Моңғұля мемлекеті 2015-жылы Солтыкенге балуандықтың «даңқ өрденін» ұсынады. Талай мәрте үздік нәтижеге қол жеткізіп, еліне даңқ әперіп, өшпес нәтиже жаратқаны үшін, Солтыкеннің есімі «Қытай дарындылары» сөздігіне енеді. 130 килограм салмақтағы бас балуан аламан жарыстың бәйге бермес құлагері атанып, өзінің сом тұлғалы денесіне дарыған жойқын күш қайратымен Қытай балуандарының көш басшысы болып, әлемдік бәсекеде қайтпас қарым танытып, Қытай мемлекетінің рухын ұлағаттап, ел намысын биіктеткен үлгілі тұлғалардың бірегейіне айналыды. Солтыкен 1985–2009-жылдары Алтай аймақтық спорт басқармасында тұрып, жоғарыға көптеген спортшы жетістіріп берген. назарияны амалиятпен ұштастыра білген Солтыкен, өзінің балуандық өнерін ұштап, кәсіптік білімді тынбай үйренуінің арқасында, спорт саласының жоғары техником мағлұматына ие болып, жапалы құлшынуы арқылы спорт саласының жоғары дәрежелі кәсіптік атағын еншілейді.

  Солтыкен Көкішұлы 1986-жылдан бастап қолына қалам алып, өлең өлкесіне де қадам басып, нәзік күштің шыңына шығуға да құлшынып келеді. Қазірге дейін баспадан шыққан кытаптары: «Ақ семсер» өлең топтамасы Қазақстанның «ақбота» баспасынан, «Көк сүңгі» атты өлең жинағы Шинжияң халық баспасынан, «Жасыл жебе» атты өлеңдер кітабы Қытай ұлттар баспасынан, «Айбалта» атты өлеңдер кітабы Іле халық баспасынан, «Әйел жаны ардақты» атты өлеңдер топтамасы Іле халық баспасынан, «Бір биік тау» атты өлең кітабы ҚР Шинжияң халық баспасынан жарық көріп, халқының мадақтауына ие болады. 1987-жылы Ақметолла Қалиұлының Солтыкенге арналған «Арыс» атты поэсті Шинжияң жастар-өрендер баспасынан кітап болып жарық көреді. Жалғасты Солтыкенге арналған кітаптардан: Қадыр Жұмақанұлының «Алтын сақа» романы, Сағидолла Қабышұлының «Балуан білек, ақын жүрек» повестьі, Болат Қаңтарбайұлы құрастырған «Сайгүлік» атты көп авторлы кітабы баспа бетін күтіп тұр. Солтыкенге арналған күйлерден: Қадыл Шаймұратұлының «Дарабоз» атты күй дастаны, Бақытхан Тағайұлының «Балуан тас» атты күйі, Тоқау Нұғымарұлының «Ақиық балуан» атты күйі т.б. туындылар ел арасында таралып, шертіліп келеді. Солтыкеннің бұдан басқа да: «Із», «Айтыстар», «Қара шоқпар», «Естемелер» қатарлы көптеген кітаптары жазылып болды. Болат Қаңтарбайұлы құрастырған «Сайгүлік» атты өлең алманағының басына алғы сөз ретінде, ел ағасы Қадыс Жанабылұлының: «ақиық азамат Солтыкен Көкішұлы ата-анасының кіндік қасиетінен дарыған ерекшелігінің әрі өзінің жапалы еңбектеніп шынығуының нәтижесінде, Қытайдағыі әр ұлт халқының құрметіне бөленіп, ел іші-сыртына танымал әйгілі балуандар қатарынан орын алды.  Ол-қазақ қара өлеңінің нәрі сіңген поезия қосынының төселген қаламгері ғана емес, халқымызың алдыңғы қатардағы ақыны болып жетілді. Ол осы екі өнердегі тер төгіп шыққан биігіне негіз қалаған, нағыз адамдық ақлағы, кісілік қасиеті жарасып, халқы мәңгі есіне сақтауға татитын ақиық азамат болып танылды. мен Солтыкендей азаматтардың көбейе беруіне тілектеспін әрі осындай ұрпақтар жетілсе мақтаныш етемін» деген қолтаңбасы түсірілген. Ел ағасы Тілебалды Әбдірешитұлы: «жарасқан ақылыңа алып денең, жан болмас айар сиын аға сенен. атыңды жазады ұрпақ алтынменен, адам шын атасы күш ақын деген» деп өлеңмен қолтаңба түсірген. Ел ағасы Мұқатбек Әділбекұлы: «жерге басып жолбарыстың сауырын, алты алашқа аты шыққан бауырым. Ұрпақтарға өнеге боп қарымың, шарықтасын шабыт құсың дарының» деп өлеңмен қолтаңба түсірген. Бұдан басқа қаламгерлердің Солтыкенге арнаған шығармалары мен тілшілердің сыр-сұхбаты өз алдарына бір төбе.

  Алып күшпен қоса жұрт мойындаған ақын қазір Алтай қалалық, Алтай аймақтық жазушылар одағының, Іле облыстық жазушылар одағының, Шинжияң жазушылар қоғамының мүшесі. Солтыкен Көкішұлы қос өнердің дізгінін қатар ұстап, халық жүрегінен орын алған бірегей азамат. Өйткені жойқын күш өр тұлға берген ақынның нәзік сезім арқау болған шабытты шығармаларының алар асуы да барған сайын биіктей бермек. Әлі де бергенінен берері көп талымалы ақын деп бағалауға болады.

Солтыкен Көкішұлының Күнес жерінде өткен 2-кезекті қазақ күресі жарысы сахнасында  оюлы қалпақ, оқалы тон киген сәті

Ақан және құлагер

 

Теңіз ой көркем тілді табаласың,

Жөнің жоқ шабыт келсе қамалатын.

Көз тігіп Бурабайдан қарап тұрсам,

Желменен сұлу көктем таранасың.

 

Көрікті көркем болып жаралуы-ай,

Ойламағам болар шын дала мұндай.

Бетімнен қоңыр салқын аймалаған,

Сарарқа сар даланың самалын-ай!

 

Өткізді Сарарқада талай ғасыр,

Зерттейтін бұл жөнінде білім жатыр.

Көкшемен Ұлытаудың арасында,

Кұлагер ошақтай боп ізің жатыр.

 

Тер ағып тебіндеген құлағынан,

Тас сынып шатынаған тұяғынан.

Кежімдеп үкі тағып Ақан сері,

Суарған Ұлытаудың бұлағынан .

 

Құлагер көп қарадым мүсініңе,

Өлеңнің төрт аяғын түсіруге.

Аңыз боп естілетін барлық тұлғаң,

Таңырқап тұрып қаппын пішініңе.

 

Өмірдің заңдылығын түсінемін,

Солүшін айтқым келер ішімдегін.

Ғажайып кеше түнде түсімде сен,

Кезігіп Сарарқада кісінедің.

 

Құлагер жер көшіпті шабысыңнан,

Әлі сен жаңылмапсың бағытыңнан.

Ақанның аруағы сезген болар,

Ояндым шырт ұйқыда дауысыңнан.

 

Құлагер көкше тауды дүбірлеткен,

Жазады ақын сені тілі жеткен.

Ақан сері салдық құрған сары далада,

Күндері қандай қызық көңілді өткен.

 

Құлағын домбыраның бұрап тұрып,

Төгіпті қара сөзді құрап тұрып.

Арқаның даласы да, данасы да,

Тыңдапты ән күйіңді құлақ түріп.

 

Арқаның астың талай асқарынан,

Өтіпті сол дәуірде бастарыңнан.

Атың бар айға жеткен құлагерсің,

сезілер тарихтың қатпарынан.

 

Тойына Ұлытаудың қатынастың,

Шаппай бәйге алам деп жатып апсың.

Шашасына шаң жұқпас құлагердың,

Қастығына кез болған Батыраштың.

 

Құлагер сені жоқтап жылап беріп,

Басыңды құшақтаған құлап келіп.

Кетіпті Сарарқаның атырабы,

Ақанның көз жасымен бұлақ болып.

 

Құлагер сол дәуірдің жүйрігісің,

Көрсеткен Ақан сері тілдің күшін.

Дүниенің теңдігі жоқ өкінішті,

Тышқанға түсіріпті пілдің ісін!

                Солтыкен Көкішұлы

Қаламгер "Құлагер" ескерткішінің алдында

Алтайдың Солтыкені

 

Түн толғатып, таң босанған қандай ұл?

Қарт Алтайдың жарқыратқан маңдайын.

Текті ғұмыр, тарпаң жылдың үзігі,

Даласына симай жатыр даңғайыр.

 

Десі аспандап биікке қол созғанның,

Ізін иіскеп тобыр өсек, тозған мұң.

Ау, Сөкеңім, найзағайша шатырлап,

Жасын оттан өлең болып қоздандың.

 

Тентек бір қан өр кеудесін тепкілеп,

Аласұрды аңсаған сәт жетті деп.

Алғаш рет топқа түскен батырдың,

Бөрі жыны аруақтанып кетті үдеп.

 

Қырпулы қол ептілікке төте енді,

Пәтшағардың құйқасынан көтерді.

Мұқым Аалтай жер әлемге жар салып,

Жеңіс жыры сүйіп жатты Сөкеңді.

 

Томырық күш, дойыр білек, бармағы,

«Бұрқ» еткізді, шетелдік жер қармады.

Ұрандады бейіш күлін лақтырып,

Балуан Шолақ, Қажымұқанның аруағы.

 

Мезгіл ана силап оған нар талап,

Өркешіне отырғызды арқалап.

«Аруақ» деген қазақтардың тілегін,

Қайталады қара Ертістер қаншалап.

 

Сан сынақты бағындырған тілсім күш,

Бұл күндері ақын болып күрсінгіш.

Кейде іздейді ескі елесін ерліктің,

Шытырманның арасынан шіркін түс.

 

Алпыс асу қалды ұзақта алыс күн,

Нұрдан сұлу Нұрбаламен таныстың.

Титтей қызды сом жүрекке сүйгізді,

Сезім селін төгіп тұрып намыстың.

 

Ол Сөкеңнің аппақ қызға ғазалы,

Ғазалдарын жасқа малып жазады.

Телегейге құлап түсті текті қыз,

Толқындармен арпалысып азабы.

 

Ақиық құс айбаты асып көк тілді,

Төгіп жазды жас сұлуға көп сырды.

Міне бүгін құп жарасқан жұбайлар,

Талай жылды татулықпен өткізді.

 

Сендей ұлды туған алтай, шүкір мың!

Арзан атақ, құр қолпашқа түкірдің.

«Көк сүңгі» мен «Айбалта» да жыр-моншақ,

Талай-талай шаруаларды бітірдің.

 

Қас батырға қаһар берді майдан-сын,

«Қара шоқпар» қанжығаңа байлансын.

Сағы сынбас сарбаз жырдың авторы,

Ағажайда алып тұлға, Айбарсың!

         Мұратбек Мұсаұлы

  Солтыкен Көкішұлына:

Жерге басып жолбарыстың сауырын,

Алты алашқа аты шыққан бауырым.

Ұрпақтарға өнеге боп қарымың,

Шарықтасын шабыт құсың-дарының.

             -Мұхатбек Әділбекұлы

Солтыкен көтерген жұмыр тас. Салмағы 292 kg

Қазақ күресінің жанашырлары Солтыкен Көкішұлы мен Нұрлан Дәулетханұлы

 

Бөлісу: