Шәкәрім рухы-шұғыла шашқан рух

Шәкәрім рухы-шұғыла шашқан рух

ҚУАНСАҢ ОСЫҒАН ҚУАН!

  Бүгін, яғни 2023 жылдың 11 қараша күні түстен бұрын Алматы қаласындағы Достық пен Қабанбай батыр даңғылдары қиылысындағы номері 32 мекен-жайдағы кітапханада Әлем халықтары жазушылары одағының ұйымдастыруымен Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жасқа толуына орай өткізілген "ШӘКӘРІМ ӘЛЕМІ" атты Республикалық Фестивал өтті. Әділқазылар күні бұрын шығармалардың сапасы мен терең мазмұндарына қарай мұқият сараптаулар жүгізген болатын. Нәтижеде, поэзия, ғылыми зерттеулер, арналған ән-күйлер бойынша жүлдегерлерді анықтап шықты. Дабыралы іс-шараның атқарылуына одақ төрайымы Гүлхан Айтақынқызы жарғақ құлағы жастыққа тимей қауырт кірісті.
Поэзияда I орынды Болат Құрманғажыұлы;
II орынды Мақсұтқан Дәлей, III орынды Оразбаева Айсары еншіленді;
Ғылыми зерттеу тақырыбында I орынды Баяқымет Жұмабайұлы, II орынды Нұржан Дәулеткелдіұлы, III орынды Шаяхымет Құсайынұлы иеленді.
Әннен I орынды Мейрамбек Бектас, II орынды Марат Жолдыбаев, III орынды Елнұра Бақытқызы алды.
Бұлардан тыс, осы іс-шараға белсене қатысушыларға, әділқазылық жауапкерлікті арқалаған Сәбит Дүйсебаев, Ізтілеу Тойшыбайұлы Болат Шарақымбайұлы қатарлыларға, ұйымдастыруға аянбай ат салысқан Жағыпарова Майра, Жолдасқызы Айжамал, Гүлжамал Шонан қатарлыларға және кітапхана басшыларына да "Алғыс хат" ұсынылды. Кітапхананың Әлия Тоғайбекқызы қатарлы басшылары да әділқазылар мен ӘХЖО - ның төрайымы Гүлхан Айтақынқызына "Алғыс хат" ұсынды.

Б.Қ. Әкежан

[19:04, 12.11.2023] Гүлхан Айтақынқызы: құрметті ӘХЖО-ның қаламгерлері, өнер иелері!
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Шәкәрім әлемі» атты Республикалық фестивалінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты - ақын, жазушы, композитор, күйшілердің бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеу арқылы ерекше үздік туынды жасауына ықпал ету, ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармалары туралы өз ойын білдіруде, ақынның өлеңдерін және ақынға арнап жазған өз өлеңдерін жатқа айтуда, мәнерлеп оқып беруде, шешендік өнерге, поэзияға және прозаға деген құштарлығын және қаламгерлердің шығармашылығын қолдау және дамыту, сонымен қатар,
Ш.Құдайбердіұлының әдеби шығармашылығын насихаттау, поэзиясының руханилығы мен мәдениетін жандандыру мақсатында өткізілді.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше.
Шәкәрім Құдайбердіұлы - қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Осы ретте Абай Құнанбайұлының «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық ,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді.

«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгі ұрпақ үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
…..Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.» дейді Шәкәрім бабамыз.

Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол, жастар бергенім.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өз заманында қазақ тарихының үлкен білгірі, шебер аудармашы, ұлы гуманист болғанын байқауға болады. Оның негізгі тарихи туындысы және әдеби шығармалары аса бағалы дерек көзі ретінде маңызын еш уақытта жоймақ емес.

Әлем Халықтары Жазушылары одағына мүше ақындар мен жазушылар, композиторлар мен әншілердің фестивальге, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арнап жазған шығармаларын бағалау үшін сайланған «Әділ қазылар» алқасын таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділқазылар алқасы:
1.Сәбит Дүйсебаев Райысұлы.
ӘХЖО мүшесі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Педагогикалық қоғам сыйлығының лауреаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, М.Дулати атындағы Тараз университетінің Құрметті профессоры, Қазақстан және Бүкілодақтық педагогикалық оқулардың бас жүлдегері, Жамбыл облысы, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, «Ұлт қайраткері».

2.Нұрдәулет Ақыш Бәбиханұлы.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Республикалық «Жігер» жастар фестивалінің, Ж.Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Халықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты.

3.Ізтілеу Тойшыбайұлы.
Қоғам қайраткері, публицист, ақын. ӘХЖО мүшесі, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы облысының төрағасы, Қонаев қаласының және Балқаш ауданының «Құрметті азаматы», Қоғамға қосқан айырықша еңбегі үшін ҚР Еңбек сіңірген қызметкері.
4.Болат Шарахымбай. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, Бүкілтүркі Халықтарының әдеби сыйлығының лауреаты, педагогика ғылымдарының академигі.
  Проза жанры, зерттеу мақалалар бойынша:
1-дәрежелі Байахмет Жұмабайұлы
2-дәрежелі Нұржан Дәулеткелдіұлы
3-дәрежелі Айсара Оразбаева
3-дәрежелі Таласбек Керімбай.
  Поэзия жанры бойынша:
1-дәрежелі Болат Құрманғажыұлы(Алматы облысы)
2-дәрежелі Мақсұтқан Баркөл Дәлейұлы (Алматы)
3-дәрежелі Шаяхмет Құсайынұлы (Алматы)
3-дәрежелі Тоту Арзыкулова (Кырғызстан)
3-дәрежелі Әлия Бекпенбетова (Теміртау)
3-дәрежелі Қатыран Закариязұлы (Алматы)
  Ән, саз жанры бойынша:
1-дәрежелі Мейрамбай Бектасов (Алматы)
2-дәрежелі Марат Жолдыбаев
3- дәрежелі Ізбасар Бекзат Ринатұлы (Алматы)
3-дәрежелі Елнура Бақытқызы (Алматы)
  Поэзия жанры бойынша қатысқаны үшін арнайы диплом:
1.Кенжегүл Сейітхан қызы (Алматы)
2.Марияш Хавденқызы (Павлодар)
3.Ақниет Шанық Рүстемқызы (Ақтөбе)
4.Сағынғали Нұрышев (Ақтөбе)
5.Алқам Досмұқанбет (Өскемен)
6.Марат Жамалқанұлы (Алматы облысы)
7.Құрманәлі Жүнісхан (Алматы облысы)
  ӘХЖО ұйымынан арнайы Алғыс хаттар:
1.Сәбит Дүйсебаев(әділқазы)
2.Болат Шарахымбай(әділқазы)
3.Нұрдәулет Ақыш (әділқазы)
4.Ізтілеу Тойшыбайұлы (әділқазы)
5.Айша Смағұлқызы (ән)
6.Майра Жағыпарова (ұйымдастырушы)
7.Айжамал Жолдасқызы (ұйымдастырушы)
8.Әлия Тоғайбекқызы (кітапхана)
9.Алуа Қалмаханқызы (кітапхана)
10.Намысбай Бексұлтан (студент)
  Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры
М. Бектембаев мырзадан арнайы алғыс хат алғандар
1.Гүлхан Айтақынқызы
2.Сәбит Дүйсебаев

3.Болат Шарахымбай

4.Ізтілеу Тойшыбайұлы

5.Нұрдәулет Ақыш
5.Болат Батыр
6.Майра Жағыпарова
7.Айжамал Жолдасқызы
8..Мейрамкүл Тоғыжан
9.Шәукен Шинақызы
10.Айша Смағұлқызы
11.Жүрсін Жеңісхан
12.Гүлназ Сейітжанова

13.Гүлжанат Шонабай
14. Намысбай Бексұлтан.
«Тұран» университетінің студенті, «Ерке сылқым» күйін орындағаны үшін.
  ӘХЖО ұйымы қаламгерлерімен өз қуанышын бөлісіп, жаңа шыққан кітаптарын кітапханаға әкеліп, үлкен Ағалардың ақ батасын алып, тұсауын кестірген Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлына, алыстан ат арытып Теміртау қаласынан келген Әлия Бекпенбетоваға шынайы алғысымызды айтамыз! Абыройларыңыз асқақ, жазарларыңыз көбейе берсін! Кітаптарыңыздың оқырманы көп болсын!

ҚАРТТАРЫМ
Сөзі:Айжамал
Жолдасқызы
Әні Әлібек Сыздықұлы.
Орындаған Айша Смағұлқызы.
Сонымен қатар осы әннің тұсаукесері өткізіліп, Айша ханым оқырмандарға әуелеген әсем әуенімен тамаша көңіл күй сыйлады.

"Шәкәрім әлемі" фесивальы.Қатысқан қаламгерлер қатары.

Гүлхан Айтақынқызының салтанатты сөзі.

 

Бөлісу: