Таңжарық-алашшыл ақын

Таңжарық-алашшыл ақын

Таңжарықты алашшыл деп айта алмай
Поэма
Семсер Шәриғатұлы
(Алаш қайраткері, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлының 120 жылдығына арнаймын)

1923 жылда ма ?
Таңажарықтын келген кезі жиырмаға,
Нүптебектің* Сетіккөгін міндіде
Алатауды бетке алды бір бала.

Бала жігіт не іздеді жиырмадан,
Жетісуға келді атпен Құлжадан,
Алып ұшқан қазақ деген қаны ғой,
Шақпы өзендей тамырында тұлаған.

«Жас алаш»*-ты ерте оқып таныған,
Алашшылдар ар-намысын жаныған.
Шәкерімнің «Қазақ айна» газетін,
Бала күннен тастамайтын жанынан.

Хабары бар Сұлтанмахмұт тұлғадан,
Аңыздай ғып талай жырын тыңдаған.
Мұстафа мен Мағжан, Шоқан қатарлы,
Ұлылармен ұлылығын шыңдаған.

Алихандай бөгеу бермес дарынды,
Ұстаз тұтқан Абай, Алтынсаринді.
Дулат жыры өрт қылатын жалынды,
«Оян қазақ» тұлататын қаныңды.

Оқысам деп Жетісуға Тәкеңді,
Білсем деген бір құмарлық әкелді.
Оқып білді, өнеге алды, ой түйді,
Бейімбетті, Ілиясті, Сәкенді.

Инеменен аршығандай құдықты,
Шөлдеп келіп қанып ішті тұнықты.
Бүбісұлу, Қойдымды іздеп айтысып,
Жетісуда желдей есіп жүріпті.

Өнегесі алашшылдар тегінде,
Үш жыл оқып еңбек етті елінде.
Қазағымның таңы қашан атар деп,
Ахметше басын тікті өлімге.

Мініп келді елін сүйген қыраным,
Қоржын-қоржын кітап артқан пырағын.
Ахметтің оқулығын, ұлылардың кітабін
Елге үйретіп, үгіттеді зиялым.

Оқу, білім, өнер елге керегі,
Тәкең сондай елім деген ер еді.
Оян деді Міржақыпша жар салды,
Шығыстың бір шыққан күндей геройы :

"Елге тұтқа Алаш деген ордаң бар,
Қолда барын көмек жасап қолдаңдар.
Мектеп ашып, газет журнал шығарып,
Ұйысыңдар, берекесіз болмаңдар.

Деп мәз болма айдап жүрген малым бар,
Мал атаңдар, зауаттыда салыңдар.
Өзге жұрттың өнегесін алыңдар,
Балаңды оқыт, оң-солыңды таныңдар."

Тәкенің бұл асқақ арман-тілегі,
Елеулі іске елді бастап жүреді.
Үш аймаққа Алаш рухын себеді,
Алаш, Алаш деп соғады жүрегі.

Заман еді ит ұлыған іргеде,
Толқын жарған қайрандады біргеме?
Теріс үгіт таратың деп Тәкеңді,
Белсенділер қамады он ай түрмеге*.

Он ай қинау жыға алмады рухын,
Тәкең шығып жалғастырды үгіттін.
Ел серкесі, қара көктің баласы,
Махсұтқа артты хатшы болып үмітін.

Жастыққа тимей Тәкең жар құлағы,
Махаңа баспахана салдырады.
«Май бояулы қорғасын баспасын»-да,
Сол кезде Алматыдан алдырады.

Тәкең қорқпай түрмеден де өлімнен,
Жаным артық емес деді елімнен.
«Іле өзені»* деген газет шығарды,
Ахметше Тәкең асқақ сеніммен.

Газетіне Тәкең басты «Мыс қазан»*,
«Жастар»*-ға деп ой-сананы ұштаған.
Сол газеті бір ғасырдың куәсі,
Шәкірттері тығып сақтап ұстаған.

Әскері бар бес жүз әскер құралды,
Ұлтшыл жан Іледегі Мұралды.
Таңжарықпен ат-ой салды Махаң да
Ақиқат деп қолына ақ ту алды.

Сасан бидің ел билеген тұяғы,
Тәкең оның болат топшы қыраны.
Махаң*, Тәкең алға басар зиялы,
"Қазақ-қырғыз ұйшумасын" құрады.

Ағартуды дамытуға құрылды,
Қолдаңдар деп қазақ-қырғыз ұйымды,
Зиялылар ата-жұрттан ағылды,
Осы ұйымның отауына жиылды.

Махаң, Тәкең азаматтар өрелі,
Алашшылдар Құлжаға да келеді.
Оқытушы жетістіру курс ашып,
Мейірманға* мектеп ашып береді.

Құлжадағы клубпенен гимназия мектебін,
Бәрі білер сонда еңбек еткенін.
Тәкең құрды әдебиет құржегін,
Өткізді онда әдибет кештерін.

Махаңді кім, Тәкеңді кім тосады??
Бай кедейдің барлығы үн қосады.
Куәсі боп «Торан мектеп»* әлі тұр,
Ең алғашқы мәдениет ошағы.

Махаң, Тәкең бас ием тұлғаларға,
Мұқұрмен мектеп ашты жырғалаңда.
Елдегі бай-бағыландар малын атап,
Зауатпен мектеп салды жинағанға.

Тәкеңнін асқақ арман-мұратына,
Іледе алғаш құрылды театр да.
«Бақытсыз Жамал» мен «Жәлел жыры»,
Тәкең қойды Бейімбет «Шұға»-сын да.

Ерте білген Бейімбет Майлиннін,
Таңжарық ғой менің асқақ айбыным.
«Түрме хәлі» түршігетін қайғы-мұң,
Бақдаулетім, тәуелсіздік байлығым.

Махаң, Тәкең ел серкесі бастаған,
Махсұт десті болған екен патшадан.
«Алаш» деген партияны қолдады,
Мал, дүние көмек берді ақшадан.

Алаштың бұл қақпан басты арланы,
Махаң кетті аяқталмай арманы.
Жайнаков* пен Исатөре*, Таңжарық,
Зиялыдан ұсталмаған қалмады.

Бұл түрмеде Тәкең нені көрмеді,
Бас имеді, кеудесін де бермеді.
"Халық жауы байланысты Алашпен"
Деп Полинов* советтен кеп тергеді.

"Ұйым құрған алашшыл" деп Махаңды,
Әбу менен Жайірбектер қатарлы,
Елім деген егей ерден жетпісін,
Үрімжінің түрмесіне апарды.

Жетпісі де қыран ері Алаштың,
Елім деген ұланы еді Алаштың,
Осы ерлер құлагері Алаштың,
Осы ерлер мұрагері Алаштың.


×÷×÷×÷×÷×÷×÷×÷×÷×÷×÷×÷×
Шындық ашты «у» болса да ұртаңыз,
Түкірікті ішке қайта жұтпаңыз.
Таңжарықтың ең алғашқы жинағын*,
Қорқанбыз біз қолымызбен құртқанбыз.

Махаңды да, Тәкеңді де халқымыздың досы ғып,
Жазалмадық жаутаңдадық шошыдық.
Күні бүгін айта алмаймыз Алаш деп,
Алаш деген ағартудың ардагері осыны ұқ.

Алаш деген Ахметтей ана тілдің жаршысы,
Алаш деген Таңжарықтай ар-намыстың қамшысы.
Алаш деген қан мен тердің тамшысы,
Алаш деген әділдіктің таразысы, талқысы.

Алаш деген ұран болған, үн болған,
Алаш деген қазағыма күн болған.
Алаш деген ақындарға тіл болған,
Алаш деген ақиқатқа шың болған.

Текпісінде қамтын киіп құлдықтын,
Қазақ аштық бәрін көрді сұмдықтың.
Сондай кезде бетін ашты шындақтың,
Түп қазығы Алаш болды бірліктің.

Ел-жұртым дүмшелермен адасқан,
Аш-жалаңаш халықпен кім санасқан.
Сондай кезде ел санасын өсірген,
Айналайын қамқор болған Алаштан.

Жоқ-жітіктің Алаш болған тірегі,
Әр қазақты жалғызым деп біледі.
Тәкең сондай Алашылдың бірігейі, біреуі,
Алты Алашқа аты мәшһүр ұл еді.

Жеті жылдай Тәкең жатты қамақта,
Қинау-тергеу төзді барлық азапқа.
Алаш рухын өлең жырмен жеткізді,
Түрмеде де еңбек етті қазаққа.

«Түрме хәлін » жазды түрме зардабын,
Абақтыда ашық жазды арманын.
Мысал өлең «Шын тілегі» тағы бар,
Қиса-дастан бәрін жазды тарланым.

Тар қапаста қамалсада қыраным,
Түрмедене түлеп ұшты жыр әнің.
Отты өлеңің мойынымдағы тұмарым,
Таңжарық пен Алаш менің ұраным.

Таңжарықтың тамсанамыз әніне,
Сөзін бұзып айтамыз-ау әліде.
Таңжарықты ақын дейміз дауылпаз
Әр сөзінің жеткеміз жоқ мәніне.

Қамшы тиген жауыр аттай қайқаңдай,
Таңжарықты алашшыл деп айта алмай.
Алатаудай айбыным сен Таңжарық,
Биік жағың әлі тұр-ау байқалмай !........

Түсіндерме:
Нүптебек*-Нүптебек Тергеусізұлы, маңпаң болған бай-ауқатты адам, сол кісіден Тәкең жүйріктігімен елге танылған Сетіккөк деген бәйге атын сұрап мінеді.
«Жас Алаш»* -Ахмет Байтұрсынұлының шығарған газеті
Түрмеге*-1926 жылы Тәкеңді тұтқындап Құлжадағы Дәутай Жамбылының зынданына салады. Алпысбай ақылақшы бастауында Таңжарықты босатыңдар деген арыз-өтініш тастайды, Жамылдың жемқор мәнсаптыларына мал-дүние беріп Таңжарықты 10 айдан кейін түрмеден шығарып алады.
Махаң*-Махсұт, гуандай мансабы бар, 500 құралды әскері бар әскербасы, қазақ-қырғыз ұйшумасының бастығы, әйгілы Сасан бидің ұрпағы.
«Іле өзені»*-Таңжарық шығарған тұңғыш газеті. «Мыс қазан», «Жастарға», «Оқып көр газетімді», «Біздің қазақ неғып жатыр» қатарлы өлеңдер басылған.
Мейірман* - Мейірман Ермектасов, Зият Шәкерімұлы қатарлы Алаш ардагерлері Таясуда мұғалімдер жетістіру курсінде оқытушы болған.
«Торан мектебі»*-Күнес аудан Талды ауылында ашылған мектеп, «Талды Торан мектебі» деп те айтады.
Жайнаков*-Сейітжан Жайнаков, қазақ-қырғыз ұйшумасының бастығы Мақсұттың бас хатшысы.
Исатөре*-қазақ-қырғыз ұйшумасының қазына бөлімінің жауаптысы.
Полинов*-орыс, 1940 жылы совет одағы жағынан Құлжаға келіп Таңжарыққа алты ай тергеу жүргізеді, содан кейін Таңжарық халық жауы деп Үрімжі түрмесіні жөткеледі.
Жинағы*-1948 жылы танымал ақын Құрманәлі Оспанұлының басшылығында Таңжарықтың шыққан ең алғашқы өлеңдер жинағы.

Бөлісу: